спорт және өнер фестивалі

Бағдарламамен танысу

Фестиваль туралы

«Асыл бесік - Ақсуат» – Абай облысының Ақсуат ауда­нында өтетін өнер және спорт фестивалі.

Іс-шара барысында балуандар бозкілемде белдесіп, аламан бәйгеде нағыз тұлпарлар анықталады. Фестиваль аясында  “Қазақша терапия” тобының жеке концерті, “Абай әлемі” қойылымы және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

20000+

көрермен

100

БАҚ жарияланымдар

3 000 000+

Youtube қаралымы

2 000 000+

әлеуміттік желі қаралымы

Фестиваль аясында өткізілетін іс-шаралар

Ырғызбай ата кесенесінде ас

Ырғызбай әулие - XVIII ғасырда өмір сүрген абыз. Жылнамаларда туған жылы 1787 жыл деп көрсетіледі. Жылдағы үрдіс бойынша Ырғызбай ата рухына құран бағышталып, ас беріледі.

«Асыл арлан»

қазақша күрес турнирі

Қазақ күресінен еліміздің айтулы балуандары арасында өтетін турнир. Әр жылдары ауыр және аса ауыр салмақта (өгіз палуан, түйе палуан) атанған спортшылар қатысады.

«Асыл тұлпар»

аламан бәйгесі

«Асыл тұлпар» - 25, 15 және 7.5 шақырымға шабатын тұлпарлар арасындағы сайыс.

Assyltas театрының

қойылымы

"Абай әлемі" театр қойылымы

Гала-концерт

Фестиваль гала концертпен аяқталады. Концертке эстрадамыздың жарқын өкілдері қатысады.

Кеш жүргізушілері – Альбина Шардарова және Бауыржан Сатов.

Фестиваль бағдарламасы

Фестиваль Ырғызбай ата әруағына бағышталған астан басталады. Іс-шара аясында қазақ күресінен еліміздің айтулы балуандары арасында турнир (өгіз палуан, түйе палуан), 25,15,7,5 шақырымға тұлпарлар арасындағы бәйге өткізіледі. “Қазақша терапия” тобының жеке концертіне қанық боласыз. Дала театры жаңғырып, “Абай әлемі” қойылымын тамашалай аласыздар! Фестиваль гала концертпен аяқталады. Концертке эстрадамыздың жарқын өкілдері қатысады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушалар және демеушілер тарапынан құнды сыйлықтар, атап айтқанда, автокөлік, ақшалай сыйлықтар және басқа да марапаттар табысталады.

6 маусым

14:00

"Мені тауып алшы" қойылымы

(Ақсуат мәдениет үйі)

16:00

Ырғызбай ата  кесенесінде құрбандық шалу

17:00

Assyl Arlan салмақ өлшеу

(Ырғызбай ата кесенесі)

19:00

Ырғызбай ата рухына құран

бағыштау, ас беру

7 маусым

9:00

Assyl Arlan турнирінің басталуы

(Ақсуат Орталық алаңы)

11:00

Фестивальдің ресми ашылу салтанаты 

(Ақсуат Орталық алаңы)

12:30

Adal Hall ашылу салтанаты

(Екпін ауылы)

17:00

Assyl Arlan турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

(Ақсуат Орталық алаңы)

18:00

"Елге сәлем" Гүлдана Ноғайбаевнаның ән кеші

20:00

Qazaqsha терапия концерті

(Ақсуат Орталық алаңы)

8 маусым

09:00

Assyl Tulpar бәйгесінің ашылу салтанаты

(Екпін ауылы, атшабар)

12:00

Assyl Tulpar бәйгесінің марапаттау рәсімі

(Екпін ауылы, атшабар)

15:00

Санжар Керімбайдың

"Қаныш және ғылыми майдан" тақырыбында халықпен кездесуі

(Екпін ауылы мәдениет үйі)

17:00

Танымал чемпиондармен кездесі (автограф сессия)

(Екпін ауылы мәдениет үйі)

19:00

"Абай әлемі" театр қойылымы

(Ақсуат, Орталық алаң)

20:30-24:00

Гала концерт

(Ақсуат, Орталық алаң)

24:00

Отшашу

(Ақсуат, Орталық алаң)

Жаңалықтар